Жастар ісі жөніндегі комитет  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын, «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға арналған тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып  жұмыстар жүргізуде. ҚР Президентінің жарлықтары негізіндегі атқарылған шаралар, құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмысты болдырмау. Жастардың  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Білімгерлердің шығармашылық қабілеттері мен дербестіктерін жан-жақты дамыту.

Жастар саясатының мақсаты: білімгерлерді Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін қалыптасытыру, білімгерлердің өзін-өзі басқару, жастар қозғалыстарын патриоттық рухта дамыту, сол негізде іс-шаралар құрылымын межелі түрде ұйымдастыру. Жастардың мәдени рухани білім алып, кәсіби және дене бітімінің толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуметін одан әрі дамыту үшін жағдай жасау негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Азаматық құқық, жауапкершілік Қазақстандық құқық жүйесінде негізгі орындардың бірін алып отыр. Бұл сала азаматтық қоғамда қалыптасатын қатынастардың үлкен бөлігін реттейді. 

            Жастар саясаты заңында жастар 14-29 жас аралығын қамтиды деп көрсетілген. Бүгінде колледждегі білімгерлердің саны — 873. Жалпы есеп бойынша колледж жастары -1031 студентті қамтиды.

Биылғы оқу жылында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында түрлі шаралар өткізілді. Сонымен қатар ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың кезекті жолдауы тапсырмаларына сәйкес, бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ елімізде жарияланған карантин шаралары мен студенттердің қашықтықтан оқуға көшуіне байланысты іс-шаралар онлайн форматта ұйымдастырылды.

          Колледжде Өзін-өзі басқару жүйесі жүйеге қойылған.

Білімгерлердің өзі-өзін басқару жүйесін ұйымдастыру мақсаты — өзін-өзі басқара білуді, ұйымдастырушылық шығармашылық қабілеттерді дамыту, іскерлікпен дағдыны қалыптасыру, көшбасшылық пен ізденушілік және адамгершілік сапаларын ізгілендіруге тәрбиелеу.