Талапкер – 2020

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі 2020-2021 оқу жылына мына мамандықтар бойынша оқушылар қабылдайды.

Күндізгі бөлімге (мемлекеттік тапсырыс және ақылы негізінде)

Колледжге оқуға мемлекеттік тапсырыс бойынша түсетін азаматтардың өтініштерін қабылдау оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 25 тамызына дейін.  

Түсу емтихандары күндізгі бөлімге 1 тамыздан 27 тамызға дейін жүргізіледі. 0413000 «Сәндік қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері», 0404000 «Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы», 0405000 «Хор дирижеры», 0408000 «Хореография өнері», 0407000 «Ән салу», 0409000 «Актерлік өнер» мамандықтары бойынша өтініштер қабылдау 20 маусымнан 20 шілдеге дейін, арнайы немесе шығармашылық емтихандар 21 шілдеден 28 шілдеге дейін жүргізіледі.

Талапкер келесі құжаттарды тапсырады:

  1. Қабылдау туралы еркін нысандағы  өтініш;
  2. Білімі туралы құжатының түпнұсқасы;
  3. 3х4 өлшемді  4 дана фотосурет;
  4. Флюросуреті қоса берілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама (№ 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналықәлеуметтік сараптаманың қорытындысы); «Хореография өнері» мамандығына оқуға түсуші тұлғалар білім беру ұйымында қосымша медициналық комиссиядан өтеді.
  5. Жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін)

Қабылдау комиссиясының мекен-жайы:   Тараз қ.,  Пушкин көшесі, 52 үй  тел: 43-39-54