Мәдениет пен өнер саласындағы кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы

        2021 жылғы 17-18 қарашада Тараз қаласында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында мәдениет пен өнер саласындағы кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы өткізілді.

            Байқауға Қазақстанның 10 облысының 19 колледжінен 40 арнайы пән оқытушылары қатысты.  Ақтөбе көпсалалы  Тарлан колледжі, Павлодар «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені, Ақмола облысы Көкшетау қаласы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі, Семей қаласы Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищесі, Қаскелең мәдениет колледжі, Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі, Ақтөбе гуманитарлық колледжі, Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі, Сарқан гуманитарлық колледжі, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі, Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі, Қостанай педагогикалық колледжі, Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі, Жамбыл жоғары политехникалық колледжі, Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі,  «Аспара» модельдік өнер және бизнес колледжі, Маңғыстау өнер колледжі, Музыкалық колледжі Шымкент қаласы, Тараз сервис және бизнесс колледжі және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледждерінен келген  ұстаздар бақ сынасып, өнерлерін көпшілікке паш етті

                 Қатысушылар «Аспаптық орындау», «Вокалдық өнер», «Хореографиялық өнері», «Актерлік өнері», «Сәндік-қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнер» мамандықтары бойынша өз шеберліктерін көрсетті.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - image-10.png

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - image-11.png

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - image-12.png

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - image-16.png

 

«Ыбырай Алтынсарин және жаһандану жағдайындағы білім» тақырыбында республикалық онлайн ғылыми–практикалық конференция
09.11.2021 жылы техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы мен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында техникалық және кәсіптік білім беру, орта білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Ыбырай Алтынсарин және жаһандану жағдайындағы білім» тақырыбында республикалық онлайн ғылыми–практикалық конференциясы өткізілді.
Конференция мақсаты:
— Ы. Алтынсариннің педагогтік мұрасын зерделеу бойынша тәжірибе алмасу және оның идеяларын қазіргі білім беру жүйесінде іске асыру, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы,ағартушылық қызметі жайында мағлұмат беру;
— Ы.Алтынсарин шығармаларын педагогтар мен білім алушылардың кеңінен насихаттау;
— XXI ғ. еліміздегі білім мен ғылым саласының даму үдерісін кеңінен ашып қарастыру.
Конференцияға. ф.ғ.д., профессор, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры С.О. Құлбарақ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к, тілші-әдебиетші ұстаздар Л.Ж. Мұсалы, Ш.М. Макатаева, ф.ғ.к., аймақтық менеджмент академиясының профессоры, Халықаралық Тараз инновациялық институтының доценті,Қазақстан журналистер одағының мүшесі Меңдібай Әбілұлы т.б елімізде оқу-ағарту саласында аянбай еңбек етіп жүрген ғалым-ұстаздарымыз қатысты.

 «Лучший педагог 2020» Халықаралық педагогикалық байқауы

«Лучший педагог 2020» Халықаралық педагогикалық байқауынан Рыбалко Николай жүлделі 1 ші орынға ие болды. Тақырыбы: «Классикалық әуенді қалай тыңдаймыз?»

«Әлихан Бөкейхан: Алаш мұраты және тәуелсіздік құндылығы» тақырыбындағы жас ғалымдар арасында өткізілген Республикалық ғылыми-практикалық конференциясында Әбуәлі Еркеайым 2 ші дәрежелі дипломмен марапатталды.

II Республикалық «Talents of Kazakhstan» Өнер және білім онлайн байқауында «Аспапта орындаушылық» жанры бойынша өнер көрсетіп Тасболат Лаура 1 ші орынмен марапатталды.Жетекшісі : Жумашова Гульзада Койшыбаевна.

«Worldlovemusic»1 ші Республикалық шығармашылық онлайн фестиваль байқауынан      Оқытушы Иматаева М.І  аспаптық орындау ансамбль  номинациясы бойынша жүлделі 1 ші ие болды.

«Үздік бейнесабақ» 

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен «Үздік бейнесабақ»  облыстық сырттай байқаулары өз мәресіне жетті. Байқауға Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінен қатысқан «Мектепке дейінгі балалар ұжымының қалыптасу ерекшеліктері» бейнесабағы үшін мектепке дейінгі педагогика пәнінің оқытушысы Сандуғаш Наметкулова марапатталды.

«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында білімгерлердің шығармашылығын арттырудың маңыздылығы»

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушылары арасында «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында білімгерлердің шығармашылығын арттырудың маңыздылығы» тақырыбында онлайн семинар-практикум өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудың әдістерімен бөлісу, тәжірибе алмасу, оқу нәтижесіне бағытталған сабақ мақсаттарын құру, қашықтықтан оқу үрдісін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат беру мақсатында өткен семинарда «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Б.Е.Байхадамова, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің оқытушылары М.Т.Мырзахметова, А.Н.Караулова, Жамбыл инновациялық жоғары колледжінің оқытушысы А.А. Есенова, Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің оқытушысы Б.У.Жунисова өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

«Ұлттық қолөнер сабағын қашықтықтан оқыту жолдары» тақырыбында облыстық онлайн-семинар

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығымен бірлесе отырып «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Білімнің салтанат құруы» жобасы аясында «Ұлттық қолөнер сабағын қашықтықтан оқыту жолдары» тақырыбында облыстық онлайн-семинар ұйымдастырды. Жаңа заманға сай білімгерлердің патриоттық, отансүйгіштік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сәндік қолөнерді қашықтықтан оқытуда ақпараттық технологияларды және жаңа білім әдістерін пайдалану жолдарын үйрету мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Жамбыл облысы колледждері және мектептерінен бейнелеу өнері пәнінің оқытушылары қатысты

«Күләш әлемі»

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Күләш Ахметованың 75 жылдығына арналған «Күләш әлемі» тақырыбында кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары арасында қалалық мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Ақын шығармалары арқылы рухани құндылықтарды жаңғырту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, дарынды жастарды анықтап, оларға шығармашылық тұрғыдан қолдау көрсету мақсатында өткен байқауда «Сен қазақсың, Ұлы дала тұғыры….», «Менің өлең өмірім — менің мәңгі үлесім» кезеңдері бойынша қатысушылар ақын өлеңдерінің желісімен бейнеролик әзірлеп, туған жер, Отан тақырыбындағы өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

«Озық әдістемелік қызмет»

Колледждің оқу-әдістемелік және ғылыми –шығармашылық әлеуетін арттыру,оқу процесіне жаңа білім беру технологияларын енгізуге ықпал ететін озық оқу-әдістемелік материалдарды  анықтау және мамандар даярлау жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету сапасын жетілдіруге ықпал ету мақсатында Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері арасында өткен «Озық әдістемелік қызмет» облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды.Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі «Маман даярлаудағы сапалы әдістемелік қызмет» номинациясыменмарапатталды

«Атасы асыл сөздің – ақын Абай»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қазақтың ұлы ақыны, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының мол мұрасын дәріптеу, ұлттық поэзиямызды насихаттау, жастардың шығармашылығын шыңдауға арналған «Атасы асыл сөздің – ақын Абай» тақырыбында колледж студенттері арасында ХІV облыстық Абай оқулары байқауы өткізілді. Іс-шараға Тараз мамандандырылған колледжі, Қаратау тау-кен техникалық колледжі, Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі, Тараз «Парасат» колледжі, №16 Жуалы колледжі, №10 Шу колледжі, №17 Жамбыл колледжі, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, №3 Байзақ колледжі, №7 Бетқайнар колледжі, Жамбыл инновациялық жоғары колледжі, Құлан агротехникалық жоғары колледжі, «Астана» көпсалалы колледжі, Тараз гуманитарлық-техникалық колледжі, Жамбыл жоғары медициналық колледжі, №9 Меркі колледжі, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледждерінен үміткерлер қатысты.

«Хор ұжымында дирижердің шығармаларды орындаудағы мануалды техникалық әдістерді пайдалану ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде пәндер апталығы аясында студенттердің әншілік өнерге деген қызығушылығын арттыра отырып, хорда ән салу шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру, хормен жұмыс істеу әдістерін игерту, оқытушылармен тәжірибе алмасу мақсатында «Хор ұжымында дирижердің шығармаларды орындаудағы мануалды техникалық әдістерді пайдалану ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар болып өтті. Іс-шараға Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Балалар және жасөспірімдер орталығы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылдық балалар саз мектебі, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, М. Төлебаев атындағы балалар музыка мектебі, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, К.Әзірбаев атындағы балалар саз мектебі, Жамбыл облысы, Меркі ауданы, № 2 балалар музыка мектебінен қатысқан оқытушылар хор ұжымында шығармалар орындаудың заманауи әдіс-тәсілдерін ұсынып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

«Колледждің үздік оқытушысы-2021» байқауы

Педагог мамандығының мәртебесін арттыру, педагогтерді шығармашылық ізденіске, өздігінен белсенді жұмыс істеуге ынталандырып, нәтижеге, ынтымақтастыққа бағытталған оқыту, тәрбие беру мен дамытудың тиімді технологияларын және әдістерін іздестіру мақсатында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Колледждің үздік оқытушысы-2021» байқауы өткізілді. Төрт кезеңді қамтыған байқауда оқытушылар «Заманауи сабақ: ол қандай?» тақырыбында эссе жазып, өздері сабақ беретін пәндері мен педагогикадан тест тапсырмаларын орындады. Заманауи талапқа сай бейнесабақтар әзірлеп, электронды портфолиоларын қорғады. Нәтижесінде 12 қатысушының ішінен педагогика және психология пәнінің оқытушысы Тағашбаева Рабиға Әбенқызы бас жүлдені жеңіп алып, облыстық байқауға жолдама алды.

«Үздік жас маман»

Жас мамандардың педагогикалық шеберлігін шыңдау, өз кәсібіне деген сүйіспеншілігін арттыру және ынталандыру, педагогикалық тәжірибе жинақтауда бағыт сілтеу, жас мамандардың мәртебесін көтеру мақсатында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде 2021 жылдың 6 наурызы күні «Үздік жас маман» байқауының қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар марапатталды. Байқауға қатысушылардың арасынан химия-биология пәнінің оқытушысы Алпысбаева Гүлімжан Нұржанқызы озық шығып, І орынды жеңіп алды.

«Табысты менеджмент-2021» облыстық сырттай байқауы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен колледжді құрылымдық басқарудағы сапа менеджментін жетілдіру, мамандар даярлаудағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру, инновациялық бағытта жұмыс жасайтын ұжымды анықтау, әдістемелік қолдау және ынталандыру мақсатында өткен «Табысты менеджмент-2021» облыстық сырттай байқауына қатысқан Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі ІІ жүлделі орынды жеңіп алды.

«Үздік авторлық бағдарлама» облыстық сырттай байқау

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен  «Үздік авторлық бағдарлама» облыстық сырттай байқаулары өз мәресіне жетті. Байқауға Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінен қатысқан  «Жаңартылған білім беру пәні» тақырыбында авторлық бағдарлама әзірлеген педагогика пәнінің оқытушылары Жадыра Қарымсақова мен Ләзиза Қасымова жүлделі ІІІ орынды иеленсе, Фарида Мантеева мен Анна Орловаларға байқауға қатысқандары үшін алғыс хат табысталды.

25.10.2021 жылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде  техникалық және кәсіптік білім беру  ұйымдарының  оқытушылары арасында облыстық “STEM — оқытудың  жаңа әдістемесі: әлемдік білім берудегі негізгі тренд»  тақырыбында семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты:

  • жаратылыстану пәндерін STEM технологиясы арқылы оқытудың тиімді жолдарын анықтау;
  • студенттердің сыни ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын дамытуға, жаңа технологияларды игеруге байланысты болашақ кәсіптің іргетасын қалыптастыруға, табиғатты танудың ғылыми әдістерін меңгеруіне ықпал ету;
  • белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқытушылардың педагогикалық шеберлігін жетілдіру, өзара тәжірибе алмасу.

Қатысқан оқу орындары:

  • STEM – Сооrdinator at Rosebud Primary School Hong Kong -Тойбеков Асхат
  • «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты- аға оқытушы — Избасаров Ербол Хусаинович
  • №9 Меркі колледжі — Жунисова Куаныш Буркитовна
  • №3 Байзақ колледжі — Утебаева Шаттық Шоқанқызы, Айтуова Торгын Орынбиевна, Кошпанова Гулшат Абдигалиевна
  • Жамбыл политехникалық жоғары колледжі — Құттыбаев Нұрдәулет Ерғалиұлы
  • Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі -Толепбергенова Алия Сатимбекқызы