Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Педагогика және психология», «Дене тәрбиесі» ПЦК-ларының ұйымдастыруымен   «Мамандық таңдаудың психологиялық-педагогикалық аспектілері» тақырыбында Тараз қаласы,№2 мектеп және Байзақ ауданы, Ғани Мұратбаев  атындағы гиназияның 9-сынып түлектеріменмұғалім тұлғасына қойылатын қазіргі талаптармен таныстыру, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға ықпал жасау, кәсіби бағдар беру мақсатында танымдық кеш болып өтті.

Іс-шара барысында педагогика пәнінің оқытушысы Л.Е. Қасымова қазіргі таңдағы мұғалім мамандығының қыр-сыры мен оған қойылатын талаптар туралы мағлұмат берсе, психология пәнінің оқытушысы Р.А.Тағашбаева  психолгиялық тұрғыдан мамандықты дұрыс таңдау жолдары, мамандық таңдауда неге көңіл бөлу керектігі туралы өзінің кеңестерімен бөлісіп, «Сен және сенің мамандығың» атты тест жүргізді. Мектеп түлектері мен қонақтарға  колледж дайындайтын мамандықтар туралы түсірілген видеоролик көрсетілді.                                                    

«Бастауыш білім беру» бөлімінің меңгерушісі А.Қ.Джумадилова сөз алып: Колледж түлектері   бүгінгі таңда еліміздің түпкір-түпкірінде  жемісті еңбек етіп, студенттердің республикалық, облыстық жарыстарға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу барысында жетістікке жеткен көрсеткіші арта түскендігін тілге тиек етті.                                                  Өз кезегінде сөз алған №2 мектептің директордың кәсіптік бағдар беру ісі бойынша орынбасры Щелкова Татьяна  Владимировна  колледждің көптеген түлектерінің осы аталған мектепте көп жылдан бері жұмыс жасайтынын, олардың осы колледж қабырғасында алған білімдерін тәжірибемен ұштастыра отырып атқарған жұмыстары оң нәтиже көрсетіп отырғандығына тоқталып өтті.

               Іс-шараны қорытындылай келе, мектеп түлектеріне мамандық таңдауда жаңылмай,өз өмірінің бір кірпішін дұрыс қалауына тілектестік білдірді