Дата: 15 декабря, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Республикамыздың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен түлектері арасында жастардың кәсіптегі шеберлігін анықтайтын «WorldSkills Kazakhstan – 2021» республикалық чемпионаты ағымды жылдың 2-6 қараша аралығында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Бастауыш сыныптарды оқыту» құзіреттілігі бойынша өткізілді.

WorldSkills қозғалысы еліміздің жас мамандарына алған кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік берді. Чемпионат 4 модуль бойынша өткізілді.

Білім бәйгесіне елдің 15 өңірінен 15 қатысушы бақ сынады.

«Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша сынға түскен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары  колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығының 4 курс студенті Дорофеева Снежана республикалық «Worldskills Kazakhstan — 2021» VI Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының «Үздік маман» номинациясымен марапатталып, медальон иеленді.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/12/15/worldskills-kazakhstan-2021-respublikaly%d2%9b-chempionaty/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *