Дата: 15 декабря, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Талап  «Холдингі» КЕАҚ  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік студенттері мен талантты жастарын қолдауға және насихаттауға бағытталған  «ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» байқауы өткізілді. Конкурс жеңімпаздарын  марапаттау 2021 жылғы 14 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында «TVET AWARDS» рәсімінде ұйымдастырылып  өткізілді. Осы жоба аясында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенті Тұрымбек Айсұлу  үздік атанып, жеңімпаздар қатарынан көрінді. Жеңімпаз студентіміз сертификатпен марапатталып, оқуын аяқтаған соң, «А-Status» мектеп-гимназия-балабақша кешеніне жұмысқа орналасу үшін жолдама берілді. Байқау жеңімпазын дайындаған ұстазы З.А.Худатаеваға және концертмейстері Е.Ю.Леонтьеваға  шығармашылық  жолына  табыс   тілейміз.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/12/15/%d2%9br-kolledzhderini%d2%a3-top-100-studenti-baj%d2%9bauy/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *