Дата: 14 декабря, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

10.12.21ж, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!” тақырыбында тарихи-танымдық кеш ұйымдастырылды. Еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерімен таныстыру, Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екендігін түсіндіру. Желтоқсан құрбандарын еске алу, Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, Отанды сүюге, байлығын қорғауға тәрбиелеу. Тарихи-танымдық  кеште “Тәуелсіздік бастауы” атты композиция, “Желтоқсан ызғары” атты тарихи қойылым қойылды. “Желтоқсан желі”, “Жаса Қазақстан”, “Аманат” әндері  орындалды. Іс-шараға “Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы және Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана мамандары қатысты.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/12/14/tarihy-syrly-erte%d2%a3i-n%d2%b1rly-%d2%93azhap-el-%d2%9balaly%d2%9b-tarihi-tanymdy%d2%9b-kesh/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *