Дата: 14 декабря, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

            09.12. 2021ж Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары  колледжі «Әлеуметтік- гуманитарлық пәндер» ПЦК оқытушылырының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында облыстық ғылыми- теориялық конференция болып өтті. Конференция мақсаты: Қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата- бабаларымыз аңсаған аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белесті насихаттау, өз елінің  жетістіктері үшін мақтаныш сезімін дамыта отырып, патриоттыққа тәрбиелеу. Конференцияға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Тарих және география» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жүрсінбаев Бақытжан Әбсаматұлы, «Тарих және география» кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Байболов Ерлан Түйтебайұлы, «Тарих және география» кафедрасының оқытушысы, PhD доктор Серубаева Аурика Темірханқызы қатысты. Конференцияның бағыттары: 1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: табысты мемлекет, табысты ел. 2. Тәуелсіздік және рухани жаңғыру. 3. Тәуелсіз Ел- ұлы мақсаттың үлкен мәресі. Облыстың әр колледжінен 30 студент қатысты. Мазмұнды және мәнді баяндама жасаған студенттерге І дәрежелі, ІІ дәрежелі және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Барлық қатысқан студенттерге алғыс хат берілді.  І бағыт бойынша І орынды Қаратау құрылыс- техникалық колледжінің студенті Нысанбек Асанәлі «Тәуелсіздік- ел тұғыры» атты баяндамасы үшін, жетекшісі Жуманалиева Гулнар Саламатовна.  ІІ орынды Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары  колледжінің студенті Боранбаева Гүләсем Ғабитқызы «Еншісін алған еркін ел» атты баяндамасы үшін, жетекшісі Данебаева Асель Кыдыралиевна, ІІІ орынды «Тәуелсіздік- мәңгілік елдің тұғыры» атты баяндамасы үшін Абдуалықызы Адинай Тараз сервис және технология колледжінің студенті, жетекшісі Муратбаева Салтанат Султанбековна. ІІ бағыт бойынша І орынды Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті Жолдас Айбек  «Еліміздің ертеңі жастар қолында» тақырыбында жасаған баяндамасы үшін, жетекшісі Абзалбеков Асылхан Зауалмаханұлы . ІІ орынды Ескер Әли Мұсағалиұлы Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің студенті , баяндамасы «Тәуелсіздік  жылдарындағы менің Таразым» атты баяндамасы үшін, жетекшісі Бозымбекова Айжан Сериковна. ІІІ орынды Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенті Бүйембаева Нұрай Қуанышқызы «Тәуелсіздік мәңгілік елдің тұғыры» атты баяндамасы үшін , жетекшісі Арыкбаева Гулнара Тасуовна. ІІІ бағыт бойынша  І орынды Шешенбай Ержан Жантасұлы Жаңатас көпсалалы колледжінің студенті «Тәуелсіздік- ол менің асқақ арманым» атты баяндамасы үшін, жетекшісі Оразалиева Айжан Мамырбаевна. ІІ орынды Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенті Рахметова Айгерім Ерболатқызы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты баяндамасы үшін, жетекшісі Арыкбаева Гулнара Тасуовна. ІІІ орынды Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті Қарақұл Ұлдана Шахризадақызы «Тәуелсіз еліме 30 жыл» атты баяндамасы үшін және жетекшісі Оралымбетова Айнұр Мырзабайқызы иеленді. Барлық студенттерге алғыс хат берілді.  Конференция өз мәресіне  жетті.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/12/14/t%d3%99uelsizdik-m%d3%99%d2%a3gilik-eldi%d2%a3-t%d2%b1%d2%93yry-studentter-arasynda%d2%93y-oblysty%d2%9b-%d2%93ylymi-teoriyaly%d2%9b-konferencziya/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *