Дата: 14 декабря, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

07.12-08.12.21 ж. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлықжоғары колледжінде Ел  Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Білімді ұрпақ-ел болашағы» тақырыбында  «Қазақстан тарихы» пәнінен колледжішілік Олимпиада ұйымдастырылды.

Олимпиада мақсаттары:

  • студенттердің Қазақстан тарихына танымдық қызығушылығын арттыру;
  • тарих саласында іс жүзінде қабілеті бар, Қазақстан тарихын білетін, білімді дарынды балаларды анықтау және мадақтау;
  • өскелең ұрпақтың тарихқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
  • студенттерді сыни және шығармашылық ойлауды дамытуға ынталандыру.

Олимпиада 2 кезеңнен тұрды, 2 күн бойы өткізілді

I тур-бейіндік пән бойынша тестілеу. Бір жауапты талап ететін 50 сұрақтан болды, оларға жауаптар 1 (бір) баллға бағаланады. I турдың ең жоғарғы бағасы-50 балл. Өткізу уақыты-60 минут.

II тур-жазбаша жұмыс (тарихи шығарма) болды.

II-ші турғ тек І-ші тур нәтижесі бойынша кемінде 40 балл жинаған қатысушылар ғана жіберілді.

Олимпиада жеңімпаздары:                                                     

I орын:Әділбекова А. Муз-20 топ білімгері

II орын: Саукалова Ф. А-1-21 топ білімгері

III орын._Өмірзақ . А-3-21 топ

II турға қатысқан барлық білімгерлер Дипломмен, Алғыс хатпен  марапатталды.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/12/14/bilimdi-%d2%b1rpa%d2%9b-el-bolasha%d2%93y-kolledishilik-p%d3%99ndik-olimpiada/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *