Дата: 25 ноября, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

2021 жылғы 17-18 қарашада Тараз қаласында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында мәдениет пен өнер саласындағы кәсіби шеберліктің республикалық конкурсы өткізілді.

            Байқауға Қазақстанның 10 облысының 19 колледжінен 40 арнайы пән оқытушылары қатысты.  Ақтөбе көпсалалы  Тарлан колледжі, Павлодар «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені, Ақмола облысы Көкшетау қаласы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі, Семей қаласы Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищесі, Қаскелең мәдениет колледжі, Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі, Ақтөбе гуманитарлық колледжі, Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі, Сарқан гуманитарлық колледжі, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі, Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі, Қостанай педагогикалық колледжі, Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі, Жамбыл жоғары политехникалық колледжі, Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі,  «Аспара» модельдік өнер және бизнес колледжі, Маңғыстау өнер колледжі, Музыкалық колледжі Шымкент қаласы, Тараз сервис және бизнесс колледжі және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледждерінен келген  ұстаздар бақ сынасып, өнерлерін көпшілікке паш етті

                 Қатысушылар «Аспаптық орындау», «Вокалдық өнер», «Хореографиялық өнері», «Актерлік өнері», «Сәндік-қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнер» мамандықтары бойынша өз шеберліктерін көрсетті.

            Байқаудың қазылар алқасы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және өнер саласындағы танымал қайраткерлері, өз мамандандырында үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаз педагогтарды анықтады.

            Мәдениет және өнер саласындағы республикалық кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз. Байқау дарынды, талантты мамандардың қолдауына, кәсіби құзыреттілікті дамыту алаңына айналады деп үміттенеміз.

 

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/11/25/m%d3%99deniet-pen-%d3%a9ner-salasynda%d2%93y-k%d3%99sibi-sheberlikti%d2%a3-respublikaly%d2%9b-konkursy/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *