Дата: 12 ноября, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласының идеясын жүзеге асыру аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері арасында «АТАСЫ АСЫЛ СӨЗДІҢ – АҚЫН АБАЙ» тақырыбында облыстық ХV Абай оқулары байқауы өтті. Ұлы Абайдың рухани, мәдени мұраларын келешек ұрпақтың санасында жаңғырту және Тәуелсіз елдің дарындарын қалыптастырып, жас таланттарды анықтау мақсатында өткен байқауда үміткерлер «Абай арманы – Тәуелсіз Қазақ елі» кезеңінде ақынның шығармашылығы мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығын байланыстырып, 3 минуттық бейнеролик әзірледі. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» кезеңінде өнерпаздар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыса, «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған…» кезеңінде қара сөздерді жалғастырды. Байқау нәтижесінде Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті Әкімжан Қуанышбекұлы жүлделі І орынды иеленсе, Жамбыл инновациялық жоғары колледжінің студенті Муратбекова Аруна ІІ орынды, «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Тілепалды Дилнәз Әділқызы ІІІ орынды қанжығаларына байлады. №16 Жуалы колледжінің студенті Қадірқұл Мадина Нұрлыбайқызы, Тараз темір жол көлік және комуникация колледжінің студенті Рахманбеков Нұртілеухан Дидарұлы және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенті Ермаханова Айгерім Ержанқызы номинациялар бойынша марапатқа ие болды.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/11/12/atasy-asyl-s%d3%a9zdi%d2%a3-a%d2%9byn-abaj-ta%d2%9byrybynda-oblysty%d2%9b-hv-abaj-o%d2%9bulary-baj%d2%9bauy/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *