Дата: 18 октября, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0
Тазалық – жалпы тіршіліктің күнделікті өмірдегі өзіндік бір қасиеті. Оның екі түрі болады. Яғни астарлы мағынасы және тікелей мағынасы. Тікелей мағынасы қарапайым тірліктегі адамға керекті тазалық этикасы – қолдың, беттің, тәннің тазалығы болса, екіншісі жанның тазалығы. Жақсылыққа ұмтылу, жамандықтан жирену секілді.
Тазалықтың Шығыста жеті түрлі қасиеті бар:
1. «Қол тазалығы» – артық нәрсені алмау дегенді білдіреді. Сондай-ақ, кірістің біршама бөлігін мұқтаж жандарға бөліп беру еске алынады.
2. «Құлақ тазалығы» – үрейдің құрсауында жүретін, ашуға берілгіш, ырымшыл адамдардың сөзіне құлақ аспау, бос сөздер мен өсекті сүейтіндерден бойыңды алыс ұстау дегенді білдіреді.
3. «Көз тазалығы» – көзіңді кектен, ашу-ызадан, қызғаныштан, құмарлықтан сақтауды нұсқайды.
4. «Ауыз тазалығы» – бұл дегенің ауызды артық сөзден және балағаттаудан тыю.
5. «Тән және киім тазалығы» – дене мен киімді әрдайым тазалықта ұстау кез келген адамның міндеті.
6. «Ой тазалығы» – басты негативті ойлар мен теріс ниеттерден тазарту, өзіңді аяудан алыс болу.
7. «Жан мен жүрек тазалығы» – бұл өзіңнің ішкі сезімдеріңді кірлетпей, сақтау білу. Сүйіңіз, сүйікті болыңыз, бірақ ақысына ештеме сұрамаңыз. Сүйіспеншіліктің өзі бақыт емес пе?
Осы жеті тазалықты өскелең ұрпақтың бойына сіңдіру мақсатында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Құндылықтар негізінде білім беру» жобасы аясында «Тазалық — саулық негізі» тақырыбында студенттерге тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/10/18/tazaly%d2%9b-sauly%d2%9b-negizi-ta%d2%9byrybynda-studentterge-t%d3%99rbie-sa%d2%93attary/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *