Дата: 27 сентября, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен жоспарланған облыстық «WORLDSKILLS JAMBYL-2021» чемпионаты өз мәресіне жетті. «Бастауыш білім беру »құзіреттілігі бойынша ағымдағы жылдың 24 қыркүйек күні Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде өтті. Студенттердің жұмыстарын                «А-STATUS» мектеп директоры Искакова Сағадат Бейсеновна, Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Бақтыбаева Сандуғаш Расулбековна сарапқа салды. Чемпионатқа қатысқан колледжміздің студенттері  

Ш. Рафиева 1орын ,  С.Дорофеева 2 орын,  У.Дурсунова 3 орынды иеленіп медальдармен және кубокпен марапатталды. Кәсіби біліктілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу үшін өздерінің уақытын аямаған әріптестерімізді бүгінгі жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

3-24 қыркүйек 2021 жылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен World Skills-2021 облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты дуальды оқыту жүйесіндегі әлеуметтік серіктес- № 26 «Нұрай» бөбекжай-бақшасының базасында өтті. Чемпионатқа 3 курс студенті Н.Абылаева және 4 курс студенттері А.Әліппек, Н.Мылтықпай және қарсыластыры ретінде Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің 4 курс студенттері қатысты. Чемпионат екі күнде үш модуль бойынша өтіп, болашақ мамандар кәсіптік білімдерін ортаға салды. Кәсіби білім алуға талпынған болашақ мамандардың іскерлік, дағдыларын Тараз қаласыныңың №15 бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Н.О.Нурбекова, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің ағылшын тілі оқытушысы Р.М.Сейдуахас, «Ақ қайын»бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі А.А.Жумадилова сараптап, қазіргі нарық сұранысының иелеріне әділ баға берді.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/09/27/worldskills-jambyl-2021-chempionaty/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *