Дата: 29 июня, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

0413000 «Сәндік қолданбалы өнер және халық кәсіпшілігі» мамандығында  қорытынды аттестаттау ағымдағы жылдың 10,16  маусымында дәстүрлі форматта өтті. Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыруда колледж  Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (2020 жылғы 28 тамыздағы № 373 қосымшадағы өзгерістер) Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын басшылыққа алды. Аталған бұйрықтың 3- тарау 25 тармағына сәйкес қорытынды аттестаттауды өткізу үшін қорытынды аттестаттау комиссиясы жасақталды. Қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамы дауыс беру құқығынсыз хатшыны қоса алғанда кәсіпорындардың білікті мамандарынан, арнайы пәндер оқытушылары мен жұмыс берушілер өкілдерінен 65% және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдерінен 35% арақатынасында құрылды.  Қорытынды аттестатау комиссиясының құрамына:

Комиссия төрағасы: Хусайнов Болат Ануарбекович – Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, Жамбыл облысы суретшілер Одағының төрағасы.

Комисия мүшелері: Жолақова Туғанай Жалмуратовна – Тараз қаласы «Би-Дәулет» ЖШС директоры, колледждің әлеуметтік серіктесі.

Мухтаров Маратбек – Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылы, «Жаңатұрмыс» негізгі мектебінің директоры және арнайы пән оқытушылары кірді.

Мамандық бойынша қорытынды аттестаттауға қатысқан 18 білім алушылар дипломдық жұмысты қорғау  мен  Қазақстанның бейнелеу өнері пәнінен емтихан тапсырды. Қорытынды аттестаттау нәтижесі төмендегідей нәтиже берді: білім сапасы- 100 %,  орта ұпай-4,7.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/06/29/0413000-s%d3%99ndik-%d2%9boldanbaly-%d3%a9ner-zh%d3%99ne-haly%d2%9b-k%d3%99sipshiligi-mamandy%d2%93ynda-%d2%9borytyndy-attestattau/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *