Дата: 17 июня, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің директоры А.Д.Биназаров, директордың оқу өндірісі жөніндегі орынбасары Н.Ә.Жақсымбетованың басқаруымен «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының оқытушылары 3 курс студенттерімен «Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайтуда жазғы сауықтыру шараларын ұйымдастырудың тиімділігі» тақырыбында онлайн конференция ұйымдастырды. Студенттер денсаулық сақтау технологиялары және басқа да инновациялық технологияларды қолдану жолдарын көрсетті, балалармен ертеңгіліктер,ойындар, спорттық мерекелер жоспарлап бейне-саяхат, бейне-сабақ, бейне-ойындар ұйымдастырып, конференцияда фрагменттерін демонстрациялады. Конференция соңында түрлі сауықтыру шаралары және оларды ұйымдастыру тиімділігі жайлы бейне-роликтерін көрсетіп, презентация ретінде электрондық портфолиоларын қорғап шықты.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/06/17/mektep-zhasyna-dejingi-balalardy%d2%a3-densauly%d2%93yn-ny%d2%93ajtuda-zhaz%d2%93y-sauy%d2%9btyru-sharalaryn-%d2%b1jymdastyrudy%d2%a3-tiimdiligi-onlajn-konferencziya/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *