Дата: 14 мая, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің базасында өткен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» облыстық колледжаралық педагогикалық олимпиадасы өз мәресіне жетті. Педагогикалық шығармашылық нәтижелермен, жобалармен бөлісу, студенттердің білімін, іскерлік дағдыларын тереңдету мақсатын көздеген олимпиада 3 кезеңді қамтыды. Қатысушылар «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына эссе жазып, «Арманда, жаса, жас мұғалім!» кезеңінде өз мамандықтары бойынша жобалар ұсынды. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен І орынды Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің «Үркер» командасы иеленді. ІІ орынға «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінің «Жалындаған жас ұстаз» командасы тұрақтаса, ІІІ орын Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің «Жаһан жастары» командасына берілді.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/05/14/daryndy-balalar%d2%93a-talantty-%d2%b1staz-oblysty%d2%9b-kolledzharaly%d2%9b-pedagogikaly%d2%9b-olimpiada/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *