Дата: 06 мая, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Ұлыбританияның British Council ұйымы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесе ‘Future English Project’ жобасы аясында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің басшылық құрамы, «Шетел тілі» ПЦК оқытушылары және 4S 01140605 «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігінің білім алушыларымен ағылшын тілін оқытудың қазіргі таңдағы ахуалын анықтау мақсатында онлайн форматта сұхбат өткізді. Әлемнің 100-ден астам елінде 80 жылдан астам жұмыс істеген тәжірибесі бар Британдық Кеңес ағылшын тілін оқыту және оны меңгеру деңгейін бағалау саласында халықаралық беделі бар ұйым болып табылады.Ұлыбританиядағы Лестер университетінің бастамасымен ұйымдастырылған зерттеудің негізгі мақсаты – Қазақстандағы ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарының бағытын, мазмұны мен сапасын айқындау және ағылшын тілін әдістемелік тұрғыдан тиімді меңгертудің әдістерін ұсыну. Сұхбат барысында зерттеушілер колледж басшылығына, оқытушылар мен білім алушыларға зерттеуге қажетті мәліметтерді сұрақ-жауап әдісі арқылы толық жинақтай алды деп сенеміз. Онлайн кездесуде ағылшын тілін оқытудың бағдарламалары, қандай жаңа инновациялық технологиялар қолданылатындығы, кәсіптік тәжірибенің ұйымдастырылуы, сабақты жоспарлау, сабақты басқару, ХХІ ғасыр дағдылары, инклюзивті оқыту, веб сұхбаттасу-қосымшасының оқу контенттерінің ерекшеліктері, шет тілдерін оқытудың креативті әдіс-тәсілдері, ІТ технологиялардың мүмкіндіктерімен ағылшын тілін интенсивті оқытудың тиімділігі жайлы мәселелер көтерілді. Сұхбат алаңы еркін форматта, ағылшын тілінде өтті.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/05/06/future-english-project-zhobasy/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *