Дата: 23 апреля, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

21.04.2021 жылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде Оксфорд қаласында өткен байқауда 100-ден аса мемлекеттен келген мұғалімдер арасынан » Әлемнің үздік ұстазы» атанған Жігер Телюкановпен кездесу өтті. Жігер Қазақ ұлттық университетінде оқуын тәмамдап, білімін Англияда, Францияда жалғастырған. Кездесу барысында жас педагог білім жолында жасаған ізденісі мен бала кезіндегі тіл үйренуге деген ынтасының арқасында жеті тілді еркін меңгеріп алғандығы туралы, сондай-ақ Англиядағы Оксфорд университетіне білім алу алу грантын жеңіп алса да, жас ұстаз елге қызмет етуді жөн санағаны туралы айтып берді. «Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Абай Құнанбаев атамыз сияқты зиялыларымыз өз заманында өздерінің жастарына білімін ашу керек деп өсиет еткен. Дәл солардың жолын қуатын қарапайым қазақтың баласымыз», — дейді Жігер Телюканов. Қатысушылар қонаққа өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауап алды.Кездесу соңында ұстаз колледж жастарына ағалық ақылын айтып креативті болуға жастардың қалыптасуы Қазақстанның өсіп-өркендеуіне үлкен септігін тигізетіндігін айтты.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/04/23/%d3%99lemni%d2%a3-%d2%afzdik-%d2%b1stazy-atan%d2%93an-zhiger-telyukanovpen-kezdesu/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *