Дата: 14 апреля, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Актер және хореография өнері мамандықтарын оқытудағы өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мамандарды оқытуда қазіргі замандағы өзекті мәселелерді қарастырып, әлемдік оқу орындарының үздік тәжірибелерін талқылау, театр және хореография өнері педагог-мамандарымен пікірлесу мақсатындағы іс-шараға Алматы қаласындағы мемлекеттік қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨ академиясы «Театр өнері» факультетінің доценті Оразалы Ақжарқын-Сәрсенбек, «Өнертану» факультетінің «Театр өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының доценті Исламбаева Зухра Усманбекқызы, Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨА колледжінің оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі Сайлыбаев Бағашар Әлдібайұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университеті, «Музыка және хореография» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Караматуллаева Хадия Ергашовна, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 3 мектеп-гимназия» КММ үлгілі «Наурыз» би ансамблінің жетекшісі Баумгертнер Анна Александровна, Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-хореографы Мещерская Ботагөз Нурланқызы қатысып, жаңа ұсыныстар мен тың идеяларды тиімді пайдаланудың жолдарын ұсынды.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/04/14/akter-zh%d3%99ne-horeografiya-%d3%a9neri-mamandy%d2%9btaryn-o%d2%9bytuda%d2%93y-%d3%a9zekti-m%d3%99seleler-d%d3%a9%d2%a3gelek-%d2%afstel/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *