Дата: 07 апреля, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Қазақ музыкасының рухы мен сипатын дәл анықтап, қазақ топырағының туған баласы атанған, 50-ден астам ән мен романстар, драмалық қойылымдар мен фильмдерге, алғашқылардың бірі болып Абай әндеріне музыка жазған композитор Латиф Абдулхаевич Хамидидің туғанына биыл — 115 жыл. Осы айтулы оқиғаға орай Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Латиф Хамиди және қазақ өнері» тақырыбында лекция-концерт ұйымдастырылды. Іс-шарада композитордың өмірі мен шығармашылығы жайлы қызықты деректер айтылып, шығармалары орындалды. Дала музыкасына ғашық болған, асқан өнер иесі Л.Хамидидің қазақ өнеріне қалдырған мұрасы мәңгі жасай бермек.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/04/07/latif-hamidi-zh%d3%99ne-%d2%9baza%d2%9b-%d3%a9neri-lekcziya-konczert/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *