Дата: 07 апреля, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Күләш Ахметованың 75 жылдығына арналған «Күләш әлемі» тақырыбында кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары арасында қалалық мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Ақын шығармалары арқылы рухани құндылықтарды жаңғырту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, дарынды жастарды анықтап, оларға шығармашылық тұрғыдан қолдау көрсету мақсатында өткен байқауда «Сен қазақсың, Ұлы дала тұғыры….», «Менің өлең өмірім — менің мәңгі үлесім» кезеңдері бойынша қатысушылар ақын өлеңдерінің желісімен бейнеролик әзірлеп, туған жер, Отан тақырыбындағы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Байқаудың қорытындысы бойынша Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенттері С.Узақбаев (жетекшісі М.Мырзахметова) І орынды, Ұ. Карижанова (жетекшісі Г.Баярисова ) ІІ орынды жеңіп алды. ІІІ орынға Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенті Е.Әуезбай (жетекшісі С.Сейдалиева) мен Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенті А.Ербосынова (жетекшісі Ф.Жапарқұлова) ие болды.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/04/07/k%d2%afl%d3%99sh-%d3%99lemi-%d2%9balaly%d2%9b-m%d3%99nerlep-o%d2%9bu-baj%d2%9bauy/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *