Дата: 07 апреля, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қазақтың ұлы ақыны, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының мол мұрасын дәріптеу, ұлттық поэзиямызды насихаттау, жастардың шығармашылығын шыңдауға арналған «Атасы асыл сөздің – ақын Абай» тақырыбында колледж студенттері арасында ХІV облыстық Абай оқулары байқауы өткізілді. Іс-шарағаТараз мамандандырылған колледжі, Қаратау тау-кен техникалық колледжі, Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі, Тараз «Парасат» колледжі, №16 Жуалы колледжі, №10 Шу колледжі, №17 Жамбыл колледжі, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, №3 Байзақ колледжі, №7 Бетқайнар колледжі, Жамбыл инновациялық жоғары колледжі, Құлан агротехникалық жоғары колледжі, «Астана» көпсалалы колледжі, Тараз гуманитарлық-техникалық колледжі, Жамбыл жоғары медициналық колледжі, №9 Меркі колледжі, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледждерінен үміткерлер қатысты.Үміткерлер байқаудың бірінші кезеңінде «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» тақырыбында эссе жазса, екінші кезеңде «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» тақырыбында ұлы ақынның шығармашылығы мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығын байланыстыра отырып, 2 минуттық бейнеролик дайындады. Үшінші кезеңде ақын өлеңдері мен қара сөздері оқылды. Байқау нәтижесі бойынша Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенті Төлеш Ұлбосын жеңіс тұғырынан көрініп, бас жүлдені жеңіп алды. Бірінші орынды Тараз-гуманитарлық техникалық колледжінің студенті Калибекова Асем иеленді. Тараз «Парасат» колледжінің студенті Тургунбай Нұрсезім және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенті Үсейін Ақұлпа екінші орынға ие болды. №17 Жамбыл колледжінің студенті Нұрланұлы Ақниет пен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің қатысушысы Қуанышбекұлы Әкімжан үшінші орынды қанжығаларына байлады.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/04/07/atasy-asyl-s%d3%a9zdi%d2%a3-a%d2%9byn-abaj-hiv-oblysty%d2%9b-abaj-o%d2%9bulary-baj%d2%9bauy/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *