Дата: 01 апреля, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, білім басқармасы және «Еркін-пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 30 наурызында техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің І, ІІ курс студенттері арасында «Парасатты қоғам – мемлекет болашағының негізі» атты облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Мақсаты – егеменді еліміздің белсенді білім алушыларының Қазақ мемлекеттілігі, Тәуелсіздік құндылықтары мен Мәңгілік ел идеясы аясындағы парасаттылық туралы ойларын бір арнаға тоғыстыру, құқықтық сауаттылығын арттыру. Пікірсайыс турнирі нәтижесінде І орынды Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің «Бекназ» фракциясы, ІІ орынды Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «ТЕТ» фракциясы, ІІІ орынды Тараз сервис және технология колледжінің «Ақиқат» фракциясы иеленді. Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің «Алғырлар» фракциясы «Үздік талпыныс», Жамбыл инновациялық жоғары колледжінің 2 курс студенті Дүйсенбай Ақерке «Үздік төреші», Тараз сервис және технология колледжінің 1 курс студенті Қамысбаева Арай «Үздік спикер» номинацияларының иегері атанды.Пікірсайыс турниріне 7 команда, 14 студент қатысты.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/04/01/parasatty-%d2%9bo%d2%93am-memleket-bolasha%d2%93yny%d2%a3-negizi-ta%d2%9byrybynda-oblysty%d2%9b-pikirsajys/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *