Дата: 01 апреля, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

29.03.2021 жылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «Jgk Smile-2021» жайдарман ойыны өткізілді. Әзіл сүйер қауымға арналған ойынның басты мақсаты жастарды жан-жақтылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу, мәселелерде жеке көзқарастарын қалыптастыру. Ойын үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең «Сәлемдесу», «Биатлон», «Анимация» яғни алдын ала дайындалған бейнефильмдерді әзіл қоса отырып дыбыстау болды. Қатысушылар белгіленген регламентке сай жақсы мағыналы, әзілдерін айтып, қызықты ойын көрсете алды. Ойын соңында әділ қазылардың шешімімен «Бекер туғандар» тобы үздік команда атанса , «Үздік ойыншы» ретінде сүбелі сөзбен ұтымды әзілді еркін ұштастырған Ғайрфулла Ерасыл лайық деп танылды.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/04/01/jgk-smile-2021-zhajdarman-ojyny/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *