Дата: 05 марта, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Педагог мамандығының мәртебесін арттыру, педагогтерді шығармашылық ізденіске, өздігінен белсенді жұмыс істеуге ынталандырып, нәтижеге, ынтымақтастыққа бағытталған оқыту, тәрбие беру мен дамытудың тиімді технологияларын және әдістерін іздестіру мақсатында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Колледждің үздік оқытушысы-2021» байқауы өткізілді. Төрт кезеңді қамтыған байқауда оқытушылар «Заманауи сабақ: ол қандай?» тақырыбында эссе жазып, өздері сабақ беретін пәндері мен педагогикадан тест тапсырмаларын орындады. Заманауи талапқа сай бейнесабақтар әзірлеп, электронды портфолиоларын қорғады. Нәтижесінде 12 қатысушының ішінен педагогика және психология пәнінің оқытушысы Тағашбаева Рабиға Әбенқызы бас жүлдені жеңіп алып, облыстық байқауға жолдама алды. І орынды ағылшын тілі пәнінің оқытушысы А.С.Джақсымбетова иеленсе, ІІ орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ғ.М.Шәлібекова мен фортепиано пәнінің оқытушысы А.Н.Кушаков бөлісті. ІІІ орын сәндік қолданбалы өнер пәнінің оқытушысы С.Ахметов пен информатика пәнінің оқытушысы Ә.Толепбергеноваға бұйырды. Жеңімпаз оқытушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталып, қатысқан оқытушылар арнайы номинациялармен марапатталды.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/03/05/kolledzhdi%d2%a3-%d2%afzdik-o%d2%9bytushysy-2021/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *