Дата: 27 февраля, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылдың 31 желтоқсанындағы № 566 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында индустриялық кеңестің қызметін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарын» басшылыққа ала отырып, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде 2021 жылдың 15 қаңтарында колледж басшысының бұйрығымен индустриялық кеңес құрылды. Кеңес құрамына колледждің әлеуметтік серіктестері мен жұмыс берушілері, колледж түлектері кірді. Кеңес жұмысының мақсаты – колледждің білім беру бағдарламаларының өзектілігі, колледждің менеджмент сапасы мен стратегиялық қажеттілігіне қатысты консультациялар мен ұсынымдар беру. Ағымдағы жылдың 26 ақпанында индустриалды кеңестің бірінші отырысы өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: кеңестің құрамымен танысу, кеңес төрағасы мен орынбасарын тағайындау, кеңес жоспарын талқылау және бекіту. Кеңес төрағасы ретінде Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты Керімбай атындағы № 12 мектеп-гимназия директоры М.Ж.Тұрысбек ұсынылып, төраға орынбасарлығына «Айналайын» БЖО ЖК қоғамдық бірлестік директоры А.А.Разакова тағайындалды. Отырыс барысында колледж директоры А.Д.Биназаров кеңес мүшелерін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында индустриялық кеңестің қызметін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарымен таныстырып, колледж даярлайтын педагогикалық және өнер бағытындағы мамандықтар бойынша екі комитет құруды ұсынды. Индустриалды кеңес жұмысы колледждің әлеуметтік серіктестерімен әріптестік қарым-қатынасын дамытуға, заман талабына сай жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін білікті кадрлар даярлауға септігін тигізеді деп сенеміз.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/02/27/kolledzhde-industriyaly%d2%9b-ke%d2%a3es-%d2%9b%d2%b1ryldy/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *