Дата: 27 февраля, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде 2020 жылдың желтоқсан айында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Үздік куратор-2021» колледжішілік онлайн кураторлар байқауына өтінім қабылдап, 19.02.2021 жылы байқау қорытындысы жарияланды. Байқау қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, жалпы білім беру жүйесіндегі және колледждегі тәрбие үдерісін жетілдіру, тәрбие субъектілерінің құзырлылығын дамыту мақсатында және топ кураторлары, ата — аналар мен студенттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, топ кураторларының жұмысының нәтижесін бағалау бағытында ұйымдастырылды. Байқауға қатысушы кураторлар төмендегі жалпы ережелермен таныстырылып, олардың педагогикалық қасиетінің тиімділігі мен нәтижелілігі төмендегі көрсеткіштер бойынша анықталды:- Педагогикалық, психологиялық және жалпы дидактикалық білімі;- Тәрбие жұмысының әдістемесі және тәрбие теориясы бойынша білімі;- Топтың сабаққа қатысу деңгейі, білім сапасы, тәрбие бағыттары бойынша сыныптан тыс іс-шаралардың өткізілу деңгейі, ұсақ құқықбұзушылыққа бармауы;- Жалпы мәдениеті мен білгірлігі, педагогикалық дүниетанымы – шешендік өнері. Байқау төмендегі ретпен өткізілді:Ұйымдастыру комитетіне ұсынылған құжаттар:1.Байқаудың ұйымдастыру алқасына топ кураторының жеке өтініші 2.Кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттері туралы жазылған мінездеме (бөлім меңгерушісінің мінездемесі);3. Куратор портфолиосы(электронды түрде);4. «Мен -жаңашыл,жанашыр жетекшімін» тақырыбындағы эссе;5. «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында ашық тәрбие сағаты (Zoom қосымшасы арқылы). Байқау нәтижесінде: III орынды: Б-1-17 тобының кураторы А.Абдрашова, Ас-18 тобының кураторы Б.Есимбекова, АК-18 тобының кураторы Ұ.Абзалиев; II орынды: Б-1-18 тобының кураторы А.Баялиева, И-1-18 тобының кураторы Ж.Тәкен, ДШ-12-17 тобының кураторы А.Абдикаримова; I орынды — ДШ-1-20 тобының кураторы Ғ. Шалибекова; Бас жүлдені А-2-19 тобының кураторы А.Сураншиева иеленді.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/02/27/%d2%afzdik-kurator-2021-kolledzhishilik-onlajn-kuratorlar-baj%d2%9bauy/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *