Дата: 27 февраля, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен «Үздік бейнесабақ», «Үздік авторлық бағдарлама» облыстық сырттай байқаулары өз мәресіне жетті. Байқауға Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінен қатысқан «Мектепке дейінгі балалар ұжымының қалыптасу ерекшеліктері» бейнесабағы үшін мектепке дейінгі педагогика пәнінің оқытушысы Сандуғаш Наметкулова, «Жаңартылған білім беру пәні» тақырыбында авторлық бағдарлама әзірлеген педагогика пәнінің оқытушылары Жадыра Қарымсақова мен Ләзиза Қасымова жүлделі ІІІ орынды иеленсе, Фарида Мантеева мен Анна Орловаларға байқауға қатысқандары үшін алғыс хат табысталды. Жүлдегер оқытушыларымызға шығармашылық табыстар тілейміз!

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/02/27/%d2%afzdik-bejnesaba%d2%9b-%d2%afzdik-avtorly%d2%9b-ba%d2%93darlama-oblysty%d2%9b-syrttaj-baj%d2%9bauy/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *