Дата: 02 февраля, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Апталықтың бірінші күні Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Тарихыңды таны-тұлғаңды құрметте» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өткізілді. Негізгі мақсаты: ғалым-философ Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірімен, көп қырлы әдеби-ғылыми мұрасымен, шығармашылығымен танысу және келесі ұрпаққа насихаттау. Онлайн дөңгелек үстел ZOOM қосымшасы арқылы өтті.Дөңгелек үстелге ТарӨУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушысы, т.ғ.к Д.Д.Байдалиев, ТарӨУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, магистр З.С.Сейдан, ТарӨУ ішінде «Ұстаз» институның «Тарих, құқық және кәсіпкерлік» кафедрасының аға оқытушысы Е.Т.Байболов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық  универстетінің «Құқықтану» мамандығының ІІ курс студенті  Д.Шадыханов  қатысты. Дөңгелек үстел барысында мынандай сұрақтар талқыланды:әл — Фараби бабамыздың өмірі мен рухани әлемі, әл — Фарабидің философиялық көзқарастары, әл — Фарабидің шығармалары мен ғылыми еңбектері. Қатысушы қонақтар осы сұрақтар бойынша өз ойларын ортаға салып,баяндамалар оқыды.Фарабидың өмірінен сыр шертетін видео ролик көрсетілді.Сонымен қатар студенттерге Фараби бабамыздың қалдырған нақыл сөздері таныстырылды,сол нақыл сөздерге байланысты студенттер  өз пікірлерін білдірді.Студенттер  әл – Фараби бабамыздың мұраларымен, өмірімен, философиялық көз-қарастарымен танысып,  тың мәліметтер алды. Кездесу мақсатына жетті.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/02/02/tarihy%d2%a3dy-tany-t%d2%b1l%d2%93a%d2%a3dy-%d2%9b%d2%b1rmette/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *