Дата: 02 февраля, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Қаңтардың 30 жұлдызында  Мектепке дейінгі педагогика пәндік циклдық комиссиясының жаңартылған  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары» тақырыбында семинар практикум ұйымдастырылды. Семинар практикумда мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту мен  тәрбиелеуде жаңартылған білім беру мазмұнының жеке тұлғаның дамуына  әсер ететін тиімді жолдарын қарастыру, стратегиялық серіктестікті жүзеге асыру  мақсатында  тәжірибе алмасу, пікірлер бөлісу нақты жолға қойылды.

Іс шараға балабақша әдіскерлері мен «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3-4 курс студенттері қатысты.

№15  балабақша әдіскер Кокаева Айнұр Әмзебековна «Мектепке дейінгі ұйымдағы заманауи интеллектуальдық дамыту ойындары» тақырыбында ақпараттармен бөлісіп, қандай бағытта жұмыс жасап жатқаны туралы айтып өтті.

№19 балабақша әдіскері Айдарбаева Айгүл Орынбайқызы «Мектепке дейінгі мекемедегі балалардың құзіреттілігін дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер» тақырыбында жүргізіліп жатқан жұмыстарын студенттерге насихаттады.

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3 курс студенті Бөркеева Аяулым бейнелеу терапиясы «Сиқырлы қар»,

4 курс студенті Асылбекова Әсел «Асық терапиясы» ойын технологиясын мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін жұмыстарын практикалық түрде демонстрациялады.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/02/02/mektepke-dejingi-t%d3%99rbie-men-o%d2%9bytu-mazm%d2%b1nyn-iske-asyrudy%d2%a3-negizgi-ba%d2%93yttary-ta%d2%9byrybynda-seminar-praktikum/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *