Дата: 02 февраля, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша

28.01.2021 жылы «Дуальды оқыту жүйесіндегі тәлімгерлік жұмыстың қажеттілігі» тақырыбында  директордың оқу-өндірісі  жөніндегі орынбасары Н.Ә.Жақсымбетова,  «Мектепке дейінгі педагогика»ПЦК меңгерушісі З.Б.Серикова, ПЦК оқытушылары Ж.Ж.Алимбаева, Г.А.Жумабаева онлайн-педагогикалық тәжірибе алмасу   ұйымдастырды.  Қашықтықтан оқыту барысында дуальды оқыту жүйесін жүзеге асыру үшін тәлімгерлердің жұмыстары тәжірибе алмасу негізінде көрсетілді. Тәжірибе алмасуға әлеуметтік серіктестеріміз №19 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Ж.К.Дарибаева, №26 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі  Х.А.Молдабекова, №28 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі С.Т.Бейбітова, №15 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі  К.С.Жуматаева, 17 бөбекжай-бақшаларының тәрбиешілері  болашақ мамандарды  онлайн оқытуда сапалы даярлау жолдарын ұсынды. Іс-шара әлеуметтік серіктестікті нығайту мақсатында өтіп,  дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын негізге алу, кәсіптік практиканың міндеттерін жүзеге асыруда студенттерге кәсіби бағдар беру, онлайн оқыту барысында тәлімгерлік жұмыстың мазмұнын анықтау міндеттері жүзеге асырылды.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/02/02/dualdy-o%d2%9bytu-zh%d2%afjesindegi-t%d3%99limgerlik-zh%d2%b1mysty%d2%a3-%d2%9bazhettiligi/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *