Үстіміздегі жылдың 29 қаңтарында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің «Мектепке дейінгі педагогика» ПЦК-ның апталығы барысында «Интелллектуалды ұлт-2020» бағдарламасы аясында «Білімді ұрпақ-Мәңгілік ел болашағы» атты интеллектуалды онлайн викторинасы өтті. Бітіруші топтың білімгерлері қатысқан онлайн- викторина Zoom, Quizziz, Watsap қосымшаларын қолдану арқылы өте қызықты ұйымдастырылды. Білімгерлердің интеллектуалды әлеуетін көтеру әрі дамыту мақсатымен ұйымдастырылған іс-шара «Мен өз елімнің патриотымын», » Жаңартылған білім», «Абай-дана, Абай-дара қазақта», «Ең..,ең..,ең..» деген 4 айналымнан құрылған. Онлайн-викторинаны ұйымдастырушылар «Мектепке дейінгі педагогика» ПЦК-ның оқытушылары С. Наметкулова мен Қ. Сембековалардың білімгерлерінің бәсекеге қабілетті, ақпаратты озық технологияларды жетік меңгерген, өз Отанының патриоты, интеллектуалды тұлға ретінде дамуына бағытталған іс-шарасы өз мақсатына жетті. 4 айналымның қорытындысы бойынша жалпы қорытынды шығарылып, жеңімпаздар дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды.


Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/02/02/bilimdi-%d2%b1rpa%d2%9b-m%d3%99%d2%a3gilik-el-bolasha%d2%93y-atty-intellektualdy-onlajn-viktorinasy/trackback/