Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» ПЦК оқытушыларының апталығы аясында «АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ БІЛІМ ̶ БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ ДАМУ ФАКТОРЫ» тақырыбында студенттер арасында аймақтық ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинарға Жамбыл облысы колледжінің студенттері қатысып, «Жеке тұлғаның үйлесімді дамуындағы адамгершіліктің маңызы» тақырыбында баяндамаларын оқып, пікіралмасу өткізді. Аймақтық семинарға Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері П.А.Қатабаева, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренерлері Ф.ЖКулен, Н.Ж.Абдикеримова қатысты.



Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/02/02/adamgershilik-ruhani-bilim-%cc%b6-bolasha%d2%9b-mamanny%d2%a3-damu-faktory/trackback/