Дата: 02 февраля, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің «Әлеуметтік –гуманитарлық пәндер» ПЦК-ның желтоқсан айында апталығы болып өтті. Апталықта «Қазақстан егемендігі мен тәуелсіздігі тарих толқынында» атты қалалық студенттер арасында ғылыми- теориялық конференция болды. Конференция Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі жолындағы күресінде тарихи оқиғаларды зерттеп, саяси –құқықтық ізденістерімен қазақ елінің құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуына қосқан үлесін насихаттау мақсатында болды .  Бағыттары: 1. Желтоқсан оқиғасы-егемендіктің бастауы.

2. Тәуелсіздік тағылымы

3. ҚР Конституциясы: бірлік, тұрақтылық және өркендеу

Конференция сарапшылары: -М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Тарих, құқық және кәсіпкерлік» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жүрсінбаев Бақытжан Әбсаматұлы

  • Тараз теміржол колледжінің оқытушысы Ералиева Ляйла Нурланқызы
  • Тараз мемлекеттік өңірлік университетінің заңгері Шүленбаев Жанболат Жылқыбайұлы

Студенттер қаламыздың әр колледждерінен онлайн қатысып, 25-26 студенттің баяндамалары  тыңдалып орындар берілді Барлық қатысқан студенттерге сертификат берілді.Үш бағыт бойынша І дәрежелі, ІІ дәрежелі, ІІІ дәрежелі дипломдар табыс етіліп, жетекшілеріне алғыс хат берілді. Атап айтар болсақ, «Желтоқсан оқиғасы-егемендіктің бастауы» бағыты бойынша Кеңесбек Айғаным Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті «Желтоқсан оқиғасы» атты баяндамасы үшін І дәрежелі дипломмен, жетекшісі Құттыбаев Н.Е алғыс хатпен, ІІ дәрежелі дипломды колледжіміздің Б-1-20тобының студенті Рахметова Айгерім «Желтоқсан желі-бүгінгі күн жылуы» атты баяндамасы үшін иеленсе, жетекшісі Арыкбаева Г.Т алғыс хатпен, ІІІ дәрежелі дипломды Джумагазиева Татьяна «Желтоқсан жаңғырығы жадымызда» атты баяндамасы үшін облыстық жасөспірімдер үйі, жетекшісі Нуримбетова Э.К алғыс хатпен марапатталды. ІІ бағыттың тақырыбы «Тәуелсіздік тағылымы» деп аталды. Бұл бағыт бойынша І дәрежелі дипломмен «Тәуелсіздік төрінде» атты баяндамасы үшін Талипов Дмитрий облыстық жасөспірімдер үйі иеленсе, жетекшісі Шарбадаров Қ. Т.алғыс хатпен, «Тәуелсіздік-ел бақыты» баяндамасы үшін Зиилдаева Айжан Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті ІІ дәрежелі дипломмен, жетекшісі Шопанова А.К алғыс хатпен, «Тәуелсіздікке ұмтылған қазақ жастарының күресі» атты баяндамасы үшін колледжіміздің И-1-19 тобының студенті Боранбаева Гүләсем ІІІ дәрежелі дипломға иеленсе, жетекшісі Дәнебаева А алғыс хатпен марапатталды. ІІІ бағыт «ҚР Конституциясы:бірлік, тұрақтылық және өркендеу» деп аталды. Бұл бағыт бойынша «Ел бірлігі-киелі Конституция»атты баяндамасы үшін колледжіміздің студенті Шаймұрат Ализат І дәрежелі дипломмен, жетекшісі Ибраимова С.С алғыс хатпен, ІІ дәрежелі дипломмен «Конституция мемлекеттің негізгі заңы-өткені, бүгіні, болашағы»атты баяндамасы үшін Сағындықова Бану Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті иеленді, жетекшісі Шайкиева С.А алғыс хатпен, ІІІ дәрежелі дипломды «Конституция-ел дамуының арқауы» атты баяндамасы үшін Тараз «Парасат» колледжінің студенті Жолымбетова Үміт иеленіп, жетекшісі Касымова Г.М алғыс хатпен марапатталды.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/02/02/%d2%9baza%d2%9bstan-egemendigi-men-t%d3%99uelsizdigi-tarih-tol%d2%9bynynda/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *