Дата: 02 февраля, 2021 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде ата-аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру, жасөспірімдердің құқықбұзушылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру мақсатында «Құқықбұзушылықтың алдын алудағы ата-ана жауапкершілігі» тақырыбында онлайн ата-аналар жиналысы өтті.Жиналысқа Тараз қалалық Полиция басқармасының инспекторы полиция капитаны М.А.Юсупова, директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары А.Б.Сатыбалдиева, колледж медбикесі А.Ермаханбет, колледж психологі М.Исабекова, колледж әлеуметтік педагогі А.Мамирова қатысты. Жиналыста ата-аналарға міндеттері көрсетілген заң баптары туралы, студенттердің кешкі уақытта ата-ана қадағалауынсыз жүруге болмайтыны жайлы айтып түсіндірілді. Ата-аналарға студенттердің тәрбиесіне қатаң қарау туралы кеңес берілді. Колледж мед бикесі елдегі болып жатқан жағдайға байланысты эпидемиялық сақтық шаралары туралы ескертті. Ата –аналар тарапынан әр түрлі сұрақтар қойылып, кері байланыс орнатылды.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2021/02/02/%d2%9b%d2%b1%d2%9by%d2%9bb%d2%b1zushyly%d2%9bty%d2%a3-aldyn-aluda%d2%93y-ata-ana-zhauapkershiligi/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *