Дата: 30 декабря, 2020 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

2020 жылы 29 желтоқсанда Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының»  ұйымдастыруымен «Кәсіби білім беру жүйесін WorldSkills стандарты деңгейінде дамытуда инновациялық шарттарды жүзеге асыру» тақырыбында  ОНЛАЙН – КОНФЕРЕНЦИЯСЫ   өтті.

Конференция барысында «Бастауыш білім беру», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттіліктері бойынша  2018 жылы Ресей елінің Челябинск қаласында өткен World Skills бағдарламасы бойынша колледждің оқытушылары Ж.Алимбаева мен Р.Тағашбаева тәжірибеден өтіп, облыс көлеменіде бас экперттер ретінде чемпионат ұйымдастыру, World Skills стандарты негізінде студенттердің құзыреттіліктерін нақтылайтын демонстрациялық емтихан ұйымдастыру жөнінде ақпараттарымен бөлісті, педагогика пәнінің оқытушысы Л.Қасымова колледжде ұйымдастырылған облыстық чемпионаттың бағдарламасын, тәртібін баяндады. Сонымен қатар конференцияға колледжде ұйымдастырылған чемпионаттың жүлдегерлері «Бастауыш білім беру» мамандығының студенті А.Гусева чемпионаттан алған әсерлері мен алған тәжірибесінің маңыздылығына тоқталса, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының студенті А.Рахметұлла  ертегіні  демонстрациялау арқылы балаларға бірлік, татулық құндылықтарына тәрбиелеу жолдарын көрсетті.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2020/12/30/k%d3%99sibi-bilim-beru-zh%d2%afjesin-worldskills-standarty-de%d2%a3gejinde-damytuda-innovacziyaly%d2%9b-sharttardy-zh%d2%afzege-asyru-onlajn-konferencziya/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *