Дата: 23 декабря, 2020 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Ғасырлық ғұмыры бар – Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің қанатының астында мыңдаған түлектер білім нәрімен сусындап, түлеп ұшып, қазіргі таңда маман иелері атанып бірі сахна көркіне айналса, бірі ұстаздарының жолын жалғастыруда. Жылдар өте келе, колледжіміздің құлашы кеңейіп, сыры мен сиқыры көп салалардың санатына «Ән салу» мамандығы қосылды.

2014 жылы «Эстрадалық ән салу»  бағыты бойынша жүректерге жол тартып, көңілдердің ажарын келтіруші ән өнерінің, алғашқы мамандарын да ұшырып үлгерді. Кейіннен «Ән салу» мамандығы жаңа қырынан көрініп, колледж білімгерлері 2018 жылдан бастап «Академиялық ән салу» бағыты бойынша қабылданып, шеберліктерін классикалық әндермен шыңдап, білімдерін жетілдіруде.

Әншілерді даярлауда табанды еңбек етіп жүрген ұстаздардың орны  ерекше. Атап айтқанда Халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары, жоғары санатты педагогтар М. Жилгельдинова, С.Мырзагулова, З.Худатаева ән салу  өнерін шыңдай түсуде.

2017 жылы «Ән салу» мамандығының арнасын кеңейту мақсатында халқымыздың рухани өмiрiндегi күрделi де өзiндiк ерекшелiгi мол асыл мұраның бiрi – «дәстүрлі ән» мектебі ашылып, алғашқы білімгерлер қабылданды.

Халық әндерiн және халық композиторларының әндерiнiң түп нұсқасын сақтап, кейiнгi ұрпаққа жеткiзуді мақсат еткен бұл мамандық бойынша Қазақстан Республикасының Халық әртісі, профессор Қайрат Әукенұлы Байбосыновтың шәкірті К.Нарбатыров дәріс беруде. Жаңа оқу жылында «Ән салу» мамандығы өнерімен талайларды тамсандырып жүрген А.Мақашева және Ә. Уашевадай өнер майталмандарымен ұстаздар қатары толықтырылды. Кез-келген әншілердің жұмысын концертмейстерсіз елестету қиын. Себебі әнді сүйемелдеп, әншінің тұла бойымен біте қайнасып жататын еңбектері ерекше. Атап айтқанда «Ән салу және хор дирижері» кафедрасында 20 жылдан астам тәжірибесі мен жоғары және бірінші біліктіліктік санаттары бар Е.Ю. Леонтьева, Н.М. Тарыбаева, А.О.Сикимова , А.С.Тазабекова, А.Н. Кушаков жұмыс атқаруда. Ән салудың қай саласы болмасын ашылғанына аз уақыт өтсе де Халықаралық, республикалық және облыстық байқаулар мен бәсекелерде бақтарын сынап жүлделі орындарға ие болуда. Мысалы:«Музыкалық колледждер орындаушыларының  ХХХІХ республикалық конкурсы», облыстық және республикалық «Дельфиилік ойындары», республикалық  «AMANAT MUSIC» және басқа да ауыз толтырып айтарлықтай  байқаулар жетістіктері баршылық.

Жауапкершілікке толы ұстаз мамандығы қай заманда болсын қиыншылықтармен күресіп жол тауып, қиыннан қиыстырып болашақ үшін табанды еңбек етуде. Бейбіт өмірдің өзінде бүкіл әлем күресіп жатқан «пандемия» салдары еліміздің қашықтықтан оқыту жүйесіне көшіп, білімгерлер  мен ұстаздар арасы интернет желісімен байланысуына алып келді. Қашықтықтан оқу жүйесінде білімгерлерге үйден шықпай оқуға қолайлы  жағдайлар  жасалып, барлық сабақтар мен дәрістер  zhambyltipo.kz, WhatsApp, zoom т.б. желілермен байланысып өтілуде. Бұл жағдайлар ән салуға еш кедергі жасамай, білімгерлердің ізденуіне және өзіндік жұмыстарына жол ашуда.

Әннің өміршең болып, бабалар аманатына қиянат жасамауды нақтылау үлкен жауапкершілікті талап ететеді. Ал, мұндай жауапкершілік колледжіміздің әр ұстазының бойында болуға тиісті. Ендеше, шаңырағымыздан ән үзілмесін….

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2020/12/23/%d3%99n-%d2%9baly%d2%9bta%d2%93an-sha%d2%a3yra%d2%9b/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *