Дата: 25 ноября, 2020 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы  зағип, көз жанарынан айырылған жандарды қоғамдық ортаға тартып, өзін-өзі дамыту мен нығайтуға және жан дүниелерін музыка арқылы емдеп, еліміздің музыка саласындағы майталмандар мен дарын иелерінің әндерін насихаттау мақсатында «Оқырман караокесін» өткізді. Аталған іс-шара  аясындағы  «Жанарсыз да жарық дүние» атты караокеге Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің 3 курс студенті, l топ көз мүгедегі Тұрымбек Айсұлу қатысып өнер көрсетті.  Нәтижесінде көрермендер мен тыңдармандардың жүрегін дауысымен және әнді нақышына келтіріп орындау шеберлігімен ерекшеленіп, жүлделі І орын иеленді. Айсұлу мен ұстазы Забида Худатаеваға еңбектері жанып, биік шыңдарды бағындыруына тілектеспіз.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2020/11/25/oblysty%d2%9b-o%d2%9byrman-karaokesi/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *