Дата: 19 ноября, 2020 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

13.11.2020 жылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Психологиялық қызмет көрсету» орталығының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында «Оқыту мен тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасау және студенттер арасында шиеленіс жағдайды болдырмау мәселелері» тақырыбында онлайн-семинар өтті. Семинарда колледж педагог-психологы У.С. Мелдебекова «Құқық бұзушылықтың алдын-алу – басты міндет» тақырыбында баяндама оқыды. Тараз қаласы І ПБ жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны О.Төлегенов «Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі», «Кәмелет жасқа толмағандардың әкімшілік құқық бұзушылық» тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар студенттер қылмыс түрлерінің жауапкершілігімен таныстырылды: ұрлық, бопсалау, бұзақылық, қоғамдық тәртіпті бұзу және кәмелет жасқа толмағандарға қай жастан қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі және қарама-қарсы әрекеттер жасауға жазалаудың қандай түрлері қолданылатыны түсіндірілді.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2020/11/19/o%d2%9bytu-men-t%d3%99rbieleuge-%d2%9bolajly-zha%d2%93daj-zhasau-zh%d3%99ne-studentter-arasynda-shielenis-zha%d2%93dajdy-boldyrmau-m%d3%99seleleri-ta%d2%9byrybynda-onlajn-seminar/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *