Дата: 19 ноября, 2020 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Өнерпаздардың жұлдызын жағып, жас дарындарға шығармашылық шабыт сыйлау мақсатында өткізілген «Құс қанат — менің ғұмырым» ІІ Халықаралық өнер байқауында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің жас өнерпаздары «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша үздіктер қатарынан көрінді. Төкпе күйді төгілткен Серғалиева Ұлдай мен шертпе күйді орындағанда шашасына шаң жуытпаған Өмірбек Назым байқаудың бас жүлдесін қанжығаларына байлады. Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов: «Жалпы музыка атаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, солардың ішіндегі ең толғаулы, ең терең сырлысы – күй»,- деген. Толғаулы, сырлы өнеріміздің көсегесін көгертіп, ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруда жеңімпаздарды байқауға дайындаған Жұманов Олжас Несіпханұлының еңбегіне алдағы уақытта да табыстар тілейміз.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2020/11/19/%d2%9b%d2%b1s-%d2%9banat-meni%d2%a3-%d2%93%d2%b1myrym-ii-haly%d2%9baraly%d2%9b-%d3%a9ner-baj%d2%9bauy/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *