Дата: 11 ноября, 2020 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Италия, Қырғызстан жəне Қазақстан мемлекеттерінен қатысқан халықаралық музыка өнерінің қашықтықтан ( онлайн түрінде өтілген) байқауында Тараз қаласындағы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің білімгері Маркенова Алина аспапта орындаушылық, оның ішінде күй орындау номинациясы бойынша 100 балдық жүйеден 97 балл жинап, кəсіби алқа мүшелері тарапынан жоғары бағаланып, 1- ші орынды жеңіп алуымен құттықтаймыз.Колледж білімгерін халықаралық байқауға дайындаушы, тəжірибелі, кəсіби ұстаз Бақыт Райымбекқызының да мерейі үстем бола берсін деп, тілек білдіреміз. Шын өнер- халықты халыққа танытады, өнерлінің мерейін үстем етеді. Білімгер Маркенова Алина жəне ұстазы Райымбекова Бақыт Райымбекқызына алдағы уақытта да биік табыстар тілейміз.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2020/11/11/haly%d2%9baraly%d2%9b-muzyka-%d3%a9nerini%d2%a3-%d2%9bashy%d2%9bty%d2%9btan-%d3%a9tilgen-baj%d2%9bau-zhe%d2%a3impazy/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *