Дата: 09 ноября, 2020 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Жас педагогтерді ынталандыру және қолдау, олардың шығармашылық әлеуеті мен кәсіби қызметін, креативті ойлауын дамыту мақсатында техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Педагогикалық старт-2020» облыстық жас мамандар байқауы өтті. Облыстық байқауға колледжіміздің 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығының 0111083 «Шетел тілі» пәнінің оқытушысы Ахан Ақбота Асқарқызы  қатысты.                                              

Байқау «Менің педагогикалық зертханам….» тақырыбында видеопрезентациялар, «Заманауи бейнесабақ» қашықтықтан оқыту барысындағы видеосабақтар, педагогикалық эссе жазу, оқытушының жеке портфолиосы кезеңі, сабақтың технологиялық картасын қорғау кезеңі оффлайн форматта өткізілді. Байқауға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 9 педагог қатысып, педагогикалық еңбек жолын кәсіптік және техникалық білім беруден бастаған колледжіміздің шетел тілі пәні оқытушысы Ахан Ақбота Асқарқызы жас мамандар байқауында «Білікті жас педагог» номинациясын иеленді. Құттықтаймыз!

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2020/11/09/pedagogikaly%d2%9b-start-2020/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *