Дата: 09 октября, 2020 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен жоспарланған облыстық «WORLDSKILLS JAMBYL-2020» чемпионаты өз мәресіне жетті. 11 құзыреттілік бойынша базалық 5 колледжде өткен іс-шараның соңғы күні «Бастауыш білім беру» құзыреттілігі бойынша ағымдағы жылдың 7 қазанында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде қорытындыланды. «Бастауыш мектептің 3-сыныбында жаратылыстану пәні бойынша сабаққа дайындық және өткізу», «Патриоттық, экологиялық, рухани-адамгершілік бағыттарындағы сыныптан тыс жұмыстардың презентациясы» модульдері бойынша студенттердің жұмыстарын №28, №13 мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері Акшалова Айнур Абдиманаповна, Квятковская Галина Владимировна және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің педагогика, психология пәнінің оқытушысы Алишева Сабина Едигеевна сарапқа салды. Чемпионатқа қатысқан колледжіміздің студенттері Гусева Анастасия, Каримова Камила, Жусипова Гүлсінай жүлделі үш орынды иеленіп, медальдармен және кубокпен марапатталды.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2020/10/09/oblysty%d2%9b-worldskills-jambyl-2020-chempionaty-2/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *