Дата: 05 октября, 2020 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Биылғы жыл тек еліміз үшін емес, бүкіл әлем үшін күрделі кезең болды. Жаһанды жайлаған пандемия әлі де сақтануды, қауіптіліктің бар екенін сездіреді. Осындай қиын кезеңде халқымыз жұдырықтай жұмылып, ауызбіршілік танытып, азаматтардың өмірін, денсаулығын қорғау үшін күш-жігерін біріктірді. Ел Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев бүгінгі Жолдауын халық игілігі үшін аянбай еңбек атқарған барлық азаматтарға өз алғысын білдіруден бастады. Сонымен қатар биылғы жолдау Білім күнімен де тұспа-тұс келіп отыр. Бұл жолдау – мемлекет басшысының көрегендігінің тағы бір дәлелі. Қарастырылған негізгі мәселелер – мемлекеттік басқарудың жаңа моделін құру, жаңа жағдайдағы экономикалық даму, Қазақстан аза¬мат¬¬тарының тұрмыс-ахуалын арт¬тыруды көздеген әлеуметтік шара¬ларды жасау, қолжетімді әрі сапалы білім беруді нығайту. Осы орайда, ұстаздар қауымы үшін ең маңызды жайт – білім беру жүйесінің мазмұны мен тәсілінің өзгеруі. Қашықтықтан оқыту жүйесіне көшу ұстаздар мен оқушыларға оңай болған жоқ. Алайда сапалы білім беруге бұл жағдай еш кедергі келтірмеді. ХХІ ғасырдың ұрпағы терең білімді, жан-жақты, еңбек етуге бейімді болуы үшін Президентіміз қашықтықтан білім берудің кем тұстарын ескере отырып, дәстүрлі білім берудің тиімділігін де анықтады. Мемлекеттің ең басты құндылығы – адам және оның бақытты өмірі. Сондықтан еліміздің Президенті мем¬лекеттік саясаттағы ең басты капитал адам екендігін атап өтті. Білім және денсаулық сақтау саласын жетілдіру, ұстаздар мен дәрігерлердің еңбекақысын көбейту, халық табысын арттыру, мем¬лекеттік қызмет көрсетулердің сапасын арттыру туралы айтылған. Бұл – мемлекет үшін өте маңызды мәселелер. Жолдауда көрсетілген жайттардың барлығы дұрыс іске асырылуы үшін кәсіби дағды, темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік баршамыздың бойымызда болуы керек. Әділдіктен ешқашан айнымаған жөн. Бізге керегі – адалдық, ұқыптылық, тиянақтылық. Жолдауда қарастырылған барлық мәселелер халықтың көкейінен шығады деп ойлаймыз. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің директоры Тараз қалалық маслихатының депутаты А.Д.Биназаров

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2020/10/05/zholdaudy%d2%a3-zha%d2%a3a-ba%d2%93yttary/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *