2020 жылдың 20 мамыр күні Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде әлеуметтік педагогтың ұйымдастыруымен «Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу және құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу» тақырыбында онлайн кездесу өткізілді.
Кездесуге «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігінің басшысы Ш.Сүйімқұл және полиция басқармасының маманы А.Жанисова қатысты. Онлайн кездесудің басты мақсаты білімгерлер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмыс терминімен кеңірек таныстырып, құқықтық сауаттылықтарын арттыру.