Дата: 16 июня, 2020 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

2020 жылдың 21 мамыр күні Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі жастар комитетінің бастамасымен талантты жастар арасында «Жұлдыз шашқан жырлар» атты онлайн поэзия кеші ұйымдастырылды.
Кештің мақсаты жастардың өздерінің көздеген жоспарларын жүзеге асыру, мәдени және рухани дамуына үлес қосу . Кеш талабына сай шығармашыл студенттер өздері жазған өлеңдері мен жас ақындардың төл туындыларын нақышына келтіре орындады. Онлайн оқу барысында белсенді жастарды шыңдау, ынталандыру үшін мұндай кештердің алатын орны зор.
Қай кезеңде болмасын қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жастар екендігі ақиқат. Осы орайда, жаңа буын жастарды жақсылап тәрбиелеп, олардың күш-жігерін дұрыс пайдаланып, бағыт-бағдар беру біздің басты міндетіміз!

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2020/06/16/zh%d2%b1ldyz-shash%d2%9ban-zhyrlar-atty-onlajn-poeziya-keshi/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *