Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Композиторлардың шығармашылық мұраларындағы стильдік ерекшеліктер» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. «Фортепиано», «Ән салу және хор дирижері» ПЦК-лары апталығы аясында өткен бұл іс-шара музыкалық білім беруде білімгерлердің білім мен іскерлігін қалыптастырып, музыка өнеріндегі стиль кезеңдері, бағыттары мен жанрлары жайлы дүниетанымын кеңейту мақсатын көздеді. Білімгерлер өз баяндамаларында отандық және шетелдік композиторлар шығармаларының стильдік ерекшеліктері жайлы құнды деректер ұсынды.
