Дата: 16 июня, 2020 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына байланысты «Күй-ғұмыр» тақырыбында танымдық кеш өткізілді. 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы Н.Тілендиевтің қазақ мәдениетіне қалдырған мол мұрасын насихаттау, білімгерлердің өнерге деген қызығушылығын, халқына, Отанына деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында өткізілген кеште сазгердің өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметтер беріліп, күйлері орындалды. «Халық аспаптары»ПЦК-сының оқытушысы Ө.Ертуған Н.Тілендиевтің «Көксерек» фильміндегі С.Сейфуллиннің «Көкшетау» әніне жасаған импровизациясын орындаса, «Отырар сазы» оркестрінде қызмет жасап, атақты күйшінің шапағатын көрген қобызшы Г.Шабанбаева Нұраға жайлы естеліктерімен бөлісті.
4-курс білімгері Жасұзақов Бақытжан сазгердің «Әлқисса» күйін тамылжыта орындады. «Баламишка» күйін орындаған 2-курс білімгері Рамазан Жылқышиев тыңдармандарды өнерімен тәнті етті. Аңыз адам Нұрғиса Тілендиевтің мұрасын жалғастырушы өнерпаздарымызға өнерлері өрлей берсін демекпіз!

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2020/06/16/k%d2%afj-%d2%93%d2%b1myr-ta%d2%9byrybynda-tanymdy%d2%9b-kesh/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *