Дата: 16 июня, 2020 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «31 мамыр — саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» орай жазықсыз жапа шеккен ұлт жанашырларын, айтулы азаматтардың істерін, қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ көшбасшыларын еске алып, жастарды патриоттыққа баулу мақсатында «Азалы тарихқа- айрықша тағзым» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Тарих – халықтың жады мен зердесі. Өткенді білмей, болашақты болжау мүмкін емес. Шынайы ел тарихын білу арқылы тарихи сана бекиді, тарихи сана арқылы ұлттық сана қалыптасады. Бұл – тәуелсіздігіміздің баянды болуының кепілі. Голощекиннің құрығынан құрбан болған жазықсыз жандардың бейнесін мәңгілікке есте тұту мүмкіндігіне тәуелсіздігімізді алғалы ғана қол жеткізгендіктен, саяси қуғын-сүргін құрбандарын әлі де зерттеу тарихшылардың еншісінде. Ұлтқа жасалған үлкен қиянатты болашақ ұрпақ ұмытпауы керек.

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2020/06/16/azaly-tarih%d2%9ba-ajry%d2%9bsha-ta%d2%93zym-ta%d2%9byrybynda-d%d3%a9%d2%a3gelek-%d2%afstel/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *