Дата: 13 мая, 2020 Раздел: Колледж жаңалықтары Комментарий: 0

Ағымдағы жылдың 2-22 сәуір аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен әйгілі композитор, дирижер, КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Н.Тілендиевтің 95 жылдығына орай өнерпаздардың орындаушылық шеберліктерін арттыра отырып, атақты өнер иесінің шығармашылығын насихаттау мақсатында  өткізілген «Өз елім» республикалық онлайн-байқауында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің 3-курс білімгері Маркенова Алина  «Күй тарту» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Бақыт Райымбекова алғыс хат иеленді.

        Әріптесіміздің шәкірттерін қасиетті қара домбыраның сырларына терең бойлатып, үлгілі тәлім-тәрбие берудегі   шығармашылық еңбегіне толағай табыстар тілейміз!

Ссылка на материал: https://abaicollege.kz/2020/05/13/%d3%a9z-elim-respublikaly%d2%9b-onlajn-baj%d2%9bauy/trackback/

Leave reply:

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *